Мектебімізде оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында ақысыз үйірмелер істейді. Муратбеков Бакытжан және Калдарова Гулмираның жетекшілігінде «Шебер қолдар» үйірмесі жұмыс жасайды. Оқушыларымыздың қолынан шыққан дүниелер сан алуан көрмелер сәніне айналып үлгерді. Үйірме тізіміндегі оқушылар жұмыс істеуде.
Мақсаты: Оқушылардың икемділігін іскерлігін,шеберлігін қалыптастырып, ұқыптылыққа баулу, қазақ халқының қол өнерімен тігін бұйымдарын қазіргі өмір сүру салтымен тығыз байланыстыру.