Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Келес ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесіне қарасты №27 Н.Тілендиев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тарихы
1937 жылы №3 М.И.Калинин атындағы бастауыш негізгі мектебі болып ашылып іргетасы қаланды. 1950 жылы негізгі орта мектеп болып бекітілді. 1967 жылы 10 жылдық мектеп аталып, 1990 жылы 3 қабатты, типтік сыйымдылығы 704 орындық 1 ауысымды ғимарат салынды. 2002 жылдан бастап Сарыағаш ауданында мектептер арасында күйші компазитор №80 Нұрғиса Тілендиев мектебі болып ауыстырылды. 06.03.2014 жылдан бастап №66-1958-12 КММ, БИН 020340003870 болып тіркеліп, Сарыағаш ауданының білім бөлімнің «№80 Н.Тілендиев атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып аталды.
Түркістан облысы, Келес ауданы әкімдігінің 01.02.2019 жыл №31 қаулының 1 қосымшасында көрсетілген Келес ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының атауларының өзгеруіне байланысты Сарыағаш ауданының білім бөлімінің «№80 Н.Тілендиев атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекттік мекемесінің атауы Келес ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «№27 Н.Тілендиев атындағы жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып ауысты.
Түркістан облысының әкімдігінің 2021 жылғы 14 қаңтардағы №5 қаулысына сәйкес Келес ауданының білім беру бөлімі мемлекеттік мекемесі, Келес ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесіне қарасты №27 Н.Тілендиев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды.
Мектеп мекен-жайы: Түркістан облысы, Келес ауданы Қошқарата ауыл әкімшілігі, Жаңа қоныс ауылы Н.Тілендиев көшесі 17
БИН ИИН: 020340003870