Оқушылардың «Бастапқы әскери дайындық» сабақтарынан алған білімдері мен дағдыларын практикалық қолдану мақсатында оқу-дала жиындары басталып та кетті.Қазіргі кезде армия мен флоттың жаңа қарумен, жаңа техникамен жарақтануына байланысты болашақ сарбаздарды тәрбиелеу, оқыту міндеті ерекше күрделене түсуде. Әрбір жасөспірімнің мектеп қабырғасынан өзін әскери қызметке дайындауы, Отан алдындағы үлкен жауапкершілікті сезінуі, болашақ сарбаз екенін ұғынуы – еліміздің тәуелсіздігінің кепілі екендігі айғақ.
Мақсаты: оқушылардың АӘД пәнінен алған теориялық білімдерін іс-тәжірибе негізінде жетілдіру. Болашақ жас сарбаздарды әскер қатарына дайындау, патриоттық сезімдерін ояту, елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Жас сарбаздардың өз іс-әрекетінің дұрыс орындалуын қадағалау, психологиялық тұрақтылықты қалыптастыру, жанындағы адамдарға көмек беруге, елжандылыққа, қырағылыққа, тапқырлыққа, қиыншылыққа төтеп беруге тәрбиелеу.