Салауатты өмір сүрудің бір негізгі күрделі мәселесі - жаман қылықтардан, яғни, зорлық- зомбылықтан аулақ болу. Ішімдікке үйір адам есінен айырылып, қасындағы адамдарға зиянын тигізеді, отбасына ойран салады,отбасы мүшелеріне оғаш қылықтар көрсетіп, мазасын алады. Бұл баланың психологиясына кері әсерін тигізеді. Бала өзіне керекті рухани дүниенің барлығын қоршаған ортадан алады. Мектебімізде осы мақсатта директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нурболат Серикбаев,мектеп дедагог психологы Ажар Анарбаева және әлеуметтік педагог Нуржан Бейсенбаевтың ұйымдастыруымен іс шара өтілді.
Мақсаты: Оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Оқушыларға өз жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті тұлға болып өсуіне тәрбиелеу.