Шығыс халықтарының байырғы мерекесі Наурыз мерекесі, Ұлыстың ұлы күнін халқымыз ерекше ықыласпен атап өтеді. Халықтар бірлігін, табиғат пен адамның жаңаруын, жаңғыруды білдіретін әз Наурыз еліміздің әр жерінде мерекеленді. Наурыз жаңарудың нышаны десек мерекеге орай мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нурболат Серикбаевтың жетекшілігінде мектебімізде «Әр үйден бір ағаш» акциясы және тазалық жұмыстарын жүргізу ұйымдастырылып өтілді.
Мақсаты: халқымыздың дәстүрі мен ұлттық құндылықтарынан жастар бойына сіңіру.