“Адамды даңққа бөлейтін екі қасиетті өнер бар: бірі – қолбасшылық, екіншісі – шешендік”, – деп ежелгі Римнің әйгілі шешені, дарынды жазушысы, қоғам қайраткері Марк Ту́ллий Цицерон айтқандай, өз ойыңды ашық жеткізіп, келістіре айту да – үлкен өнер. Мектебімізде «Парасат» дебат клубы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нурболат Серикбаевтың жетекшілігінде жұмыс атқарып келеді.2023 жыл сәуір айының 19 күні «Ата Заңым айбыным» атты аудандық пікірсайыс турниринде мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нурболат Серикбаевтың жетекшілігінде оқушылары Абуталип Гулбану және Сатыбай Бекарыс «Үздік талпыныс»номинациясымен марапатталды.
Мақсаты: Дебат – жастарды көшбасшылыққа баулудың бір жолы. Ел ертеңі болатын жастардың өз ойын ашық білдіріп, еркін сөйлейтін жастарды тәрбиелеу. Жастарымызды ұтқыр ойлы, саяси сауатты болуға баулу. Жеке тұлғаның танымын кеңейту.