Вэйп немесе электронды темекі -денсаулыққа зиян келтіретін темекі шегу процесін модельдеуге арналған құрылғы. Темекі шегу кезінде темекі шегуші дем алатын вэйпте бу пайда болады. Түрлі хош иістері бар сүзгілердің көмегімен темекінің дәмі мен беріктігін өзгертуге болады. Ата- аналарға электронды темекінің зияны жайында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Серикбаев Нурболат жиналыс өткізуде.
Мақсаты: Электрондық темекінің ағзаға тигізетін кері әсерін және одан туындайтын ауру түрлерін айта отырып, зиянды әсерін ашу. Шылым шегудің зиянды жақтарын аша отырып, одан жиіркенуге, темекі - у екенін айтып, топ болып жұмыс істеуге тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, жат қылықтан аулақ болуға тәрбиелеу.