Ұрпақ тәрбиесі мен оларға сапалы білім беру ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей өнегелі ұстаздан білімді шәкірт шығатыны сөзсіз. Біз тек біліммен ғана алға жылжимыз. Ал сол білім нәрін беруші – ҰСТАЗ. Мектебіміздің ұстаздары сан алуан мәдени шараларға қатысып келеді.
Мақсаты: Жас мұғалімдер мен білікті ұстаздардың /машықкерлердің/ педагогикалық шеберліктерін шыңдау. Өзара тәжірибе алмасу және бірлесе отырып шығармашылық жұмыс істеуге бағыттау. Мектептегі ең үздік мұғалімдер тобын анықтау.